Құрылтай

Су ресурстары және ирригация министрі Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

5

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен ауданға келді.

Министрге Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов ауданда жүзеге асырылып жатқан су үнемдеу технологияларын, ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді жаңғырту бағытындағы жобалардың іске асырылу барысымен таныстырды.

Су ресурстары және ирригация министрі Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Таң ЛТД» ЖШС-нің төрағасы Имамзада Шағыртаев серіктестікте жердің құнарлылығын арттыру, коллекторларды бетондау, сондай-ақ егін өнімділігін арттыруға бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен инвестициялық жобаларды көрсетті.

Биыл аудан бойынша 42 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде күріш – 16 800 гектар, жаздық бидай – 576 гектар, арпа – 50 гектар, мақсары – 595 гектар, қант құмайы – 371 гектар, соя – 152 гектар, сұлы – 5 гектар, жаңа жоңышқа – 4 850 гектар, ескі жоңышқа – 8 150 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 1 115 гектар, бақша дақылдары 1 300 гектар алқапқа егілген.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде су ресурстарын тиімді пайдалану, ирригациялық желілердің техникалық жағдайын жақсарту және егіншілік саласының өнімділігін арттыру көзделіп отыр.

Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов ауыл шаруашылығын цифрландыру, жаңа технологияларды кеңінен қолдану және су үнемдеу арқылы өнім көлемін арттырудың маңыздылығына тоқталып, мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып жатқан жобалардың өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтуға серпін бергенін атап өтті.

Сапар қорытындысында министр аграрлық саладағы жобалардың іске асырылу барысына оң баға беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын жеткізді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі