«Алтын дән – 2023» іс – шарасы өтті

287

0

Бүгін Сырдария ауданында «Алтын дән – 2023» іс-шарасы ұйымдастырылып, аудан озаттары марапатталды. Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Байдушев еңбеккерлерді науқанды мереймен аяқтап, зор жетістікке жетуімен құттықтады.

– Алты алашқа ана болған Сыр өңірінің облыс болып құрылғанына биыл 85 жыл және Сырдария ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Сырдариялықтар бұл мерейтойға үлкен табыспен жетті. Аудан диқандарының зор табысы – біріншіден, тынымсыз еңбектің жемісі болса, екіншіден, аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесі. Аудан еңбеккерлері биыл 23 811 гектарға күріш дақылын орналастырып, әр гектарынан орташа 59,8 центнерден өнім жинап, барлығы 142 390 тонна астықты қамбаға құйды. Баршаңызға ырыс-несібеге толы молшылық мерекесі құтты болсын, – деді Димаш Серікбайұлы.

Құттықтаудан кейін ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек еткен озаттар облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғысымен марапатталды. Сондай-ақ үздіктерге арнайы диплом мен сертификаттар табыс етілді.

Айта кету керек, бүгінгі күнге ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ресей, Әзербайжан, Монғолия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне 15000 тонна ақ күріш экспорттады. Ал алдағы егін науқанына сапасы жоғары 5200 тонна тұқым қорын әзірледі.

Мерекелік іс-шарада аудан еңбеккерлерінің құрметіне концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<