AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді

647

0

Фото: amanatpartiasy.kz

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«AMANAT партиясының кезектен тыс XXV съезі 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Тиісті Қаулыға бүгін партияның төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады», деп жазды партияның атқарушы хатшысы Е.Бейсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасына.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<