АПТА АҒЫМЫНДА

346

0

Съезд делегаттары түрлі сала өкілдерімен кездесу өткізді

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне Сыр елінен қатысқан делегаттар түрлі сала өкілдерімен кездесулер өткізіп, съезд жұмысының нәтижелері, қабылданған жаңа саяси тұғырнаманың  көздеген міндеттері төңірегінде ой бөлісті.

Мұндай кездесулер Қызылорда қаласында ардагерлер, білім, медицина, теміржол саласының қызметкерлерімен, Шиелі ауданында мәдениет саласы, Сырдарияда зиялы қауым өкілдерімен өтсе, ауылшарушылық саласындағы «Жан Арай» ЖШС және Қазалы ауданындағы «СПК Қызылорда балық» еңбек ұжымдарымен экспромт кездесулер ұйымдастырылды. Мұнан бөлек тарихи жиын жастардың қатысуымен «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында да талқыланды.

«Talqylau» диалог алаңының кезекті отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының  «TALQYLAU» диалог алаңында партияның кезектен – тыс ХХІV съезінде қабылданған шешімдер талқыланды. Оған съезд делагаттары мен Халықтық коалиция мүшелігіндегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

Экология жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Экология жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда мемлекет басшысы Жолдауынан туындайтын шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігі төмендігі, инновацияның жеткіліксізді секілді мәселелер сонымен қатар, аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар сараланды.

Жеке құраммен жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен оның алдын-алу бағытында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Белсенді студенттермен кездесулер өтті

Партия филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты кәсіптік және техникалық білім беретін арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттерімен кездесу өткізді. Онда студенттерге ұйымның негізгі мақсаты, қызметтері мен бағыттары және алға қойған жоспарлары таныстырылды. Білім алушылармен таныстық жұмыстары жүргізіліп, тренинг ойындары ұйымдастырылды.

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, Мемлекет басшысының Жолдауы, партия съезі шешімдерін талқылаулар, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 72 қоғамдық-саяси іс – шаралар ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<