АҚШ елшісі Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде құттықтау жолдады

1817

0

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар, Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын», – деп қазақ тілінде құттықтау сөзін жеткізді Елші.

АҚШ өкілдігінің атынан баршаңызға Жаңа жылда денсаулық, молшылық, бейбіт өмір тілеймін.

Еске салайық, Дэниел Н.Розенблюм АҚШ Сенатының шешімімен Америка Құрама Штаттарының ҚазақстандағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне биылғы тамыз айында бекітілген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<