Ақын – қоғам тамыршысы

1071

0

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовпен  кездесу өтті. «Айтыстың ақтаңгері» атты кешке музей қызметкерлері, «ORDA» жоғары колледж студенттері, №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты айтыс өнерінің қоғам өмірімен байланысын, эстетикалық, рухани байлығын және маңызын түсіндіру арқылы жастардың қазақ музыкасына, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

– Қазақтың айтыс өнерінің бар құдіретін бойына сіңірген, шашасына шаң жұқтырмай дара келген Мұхтар – Сыр елінің ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның айтулы ақыны. Осы  республикалық айтыс басталған 2012 жылғы алғашқы «Алтын домбыра» иегері де Мұхтар болуы біз үшін үлкен мақтаныш.  Ол үшінші рет жеңіске жетіп, «Алтын домбыраны» Сыр еліне әкеліп, өнер ордасы екенімізді тағы бір дәлелдеп берді, – деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев.

Шара барысында қатысушылар түрлі сұрақтарына жауап алды. Әсіресе, жастарды ақтаңгер ақынның шынайы да тұшымды жауаптары қызықтырды.

Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<