Ауылды газдандыру қарқыны

4

0

Аймақ басшысының жұмыс сапары Төребай би ауылы тұрғын­дарымен кездесуге, газ желісін тарту жұмыстарының барысымен та­нысуға ұласты.

Осы уақытта құбыр мен ішкі тарату желілері жүргізілуде. «Asia Story KZ» және «Grand Structure Engineering» серіктестіктері қолға ал­ған жобаға 479,5 млн теңге бөлінген.

Ауылдарға «көгілдір отын» жеткізу Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023-2030 жылдарға арналған бас схемасына, Қызылорда облысын газдандырудың 2023-2027 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарына сүйеніп атқарылуда.

Өткен жылдың қорытындысымен өңірді газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті. Бүгінде 4 қала және 56 елді мекен табиғи газға қосылған.

Биыл 14 жобаны іске асыруға 4,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2-еуі – өт­пелі, 12-сі – жаңа жоба, 10 елді мекен тұр­ғындары табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша газдандырылған елді мекен саны 66-ға, газбен қамту 85 пайызға дейін артады.

Газдандыруды одан әрі жал­ғастыру үшін 15 млрд теңгенің 9 жобасы әзірленіп, қаржы­ландыруға ұсынылды. Қолдау тапқан соң қосымша 11 ауылды табиғи газға қосу жоспарланған.

Бұдан бөлек, «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға ар­налған инвестициялық бағдар­ла­ма­сымен Жаңақорған ауданындағы 6 елді мекенді газдандыру көзделіп отыр.