Арал ауданының тұрғындарына!

275

0

Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті «электрондық үкімет» порталында басшыны өзгерту қызметі мәселесі бойынша келесіні хабарлайды.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер тіркеуші органның қатысуынсыз электрондық хабарлама негізінде электрондық үкімет веб-порталы арқылы автоматты режимде енгізіледі.

Құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде заңды тұлғаның басшысы өзгерген кезде хабарлама заңды тұлғаның (ММИБ қоспағанда) электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы беріледі. Осы хабарлама жалпы жиналыстың төрағасымен және хатшысымен олардың ЭЦҚ арқылы келісіледі.

Егер құрылтайшы жалғыз болса, онда келісу онымен жүзеге асырылады.

Енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңды тұлғаның өзі жауапты болады.

                                   Арал ауданаралық әділет басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<