Арал, Жалағаш аудандарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

946

0

Бүгін Арал, Жалағаш аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.


Жәрмеңкеге 80 жүк көлігіне тиелген 200 тоннадан астам жоғары сапалы өнім жеткізілді.


Арал ауданынан жәрмеңкеге жеңілдетілген бағамен 20 көлікке тиелген азық-түлік тауарлары келді. С.Торайғыров көшесінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде Арал ауданынан 1 тоннаға жуық шұбат, 12 тонна балық өнімдері, 6 тонна ет, 25 тонна көкөніс, 10 тонна бақша өнімдері, 5 тонна ас тұзы және 100 бас қой мен ешкі жеткізілді.

Тұрғындар арасында Аралдың балық өнімдеріне сұраныс жоғары.


Жалағаш ауданының шаруалары да жәрмеңкеге 150 тоннаның өнімін алып келді. 60 көлікке тиелген азық-түліктің ішінде 50 тонна күріш, 15 тонна картоп, 10 тонна басты пияз, 6 тоннадай ет пен балық өнімдері, 40 тоннаға жуық көкөніс және 30 тонна бақша өнімдері, жеміс-жидектер бар.

Жәрмеңке барысында қала тұрғындарын азық-түлік өнімдерін қамтамасыз етумен қатар, мал азықтық жем-шөп өнімдері тапшы болуына байланысты 500 дана жоңышқа пресс, 500 дана шөп пресс, 5 тонна жем, 3 тонна күріш қалдығы жеткізілді. Тауарлар нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда.


Жәрмеңке өткізіліп жатқан мекенжай: Арал ауданы – С.Торайғыров көшесі («Шұғыла» балабақшасының алды)


Жалағаш ауданы –Титов қыстағы (Ә. Қашаубаев пен Жетікөл көшелерінің қиылысы)

М.СНАДИН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<