Аралда каналдарды тазарту жұмыстары басталды

840

0

Арал ауданындағы Бектау каналын тазарту жұмыстары басталды.

Арал ауданында орын алған қуаңшылық жағдайына сəйкес биылғы жылдың 12 шілдесінен бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Төтенше жағдайды жою барысында Сырдария бойындағы жайылымдық, шабындық жəне Ақшатау, Қамыстыбас көлдерін суландыру мақсатында 8 канал тазартылатыны сөз болған еді

Осы орайда төтенше жағдайды жою бойынша жауапты аудан əкімінің орынбасары Еркін Əбішев бастаған жұмысшы топ өкілдері ауданға қарасты Райым ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекеніне арнайы жұмыс сапарымен барып, Бектау каналын тазарту жұмыстарын бақылап қайтты.

Қызылжар аумағындағы 15 гектар жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру үшін аталмыш Бектау каналының маңызы зор. Соған сəйкес қазіргі таңда каналды тазалау жəне су тоспасын салу жұмыстарына жауапты деп танылған мердігер «Сəт сервис» компаниясы тарапынан шұғыл шаралар қолға алынып, арнайы техникалардың көмегімен қажетті жұмыстар басталып кетті. Каналды тазарту жұмыстарына куə болған аудан əкімінің орынбасары Е.Əбішев маңызды жұмысты аса жауапкершілікпен жүзеге асырып, сапалы орындалуына баса мəн беру керектігін атап өтті.

Айта кетейік, аталған жұмыстар облыс бюджеті резервінен бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<