АРАЛДЫҢ ТҰЗЫ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНДА

480

0

Сапалы ас тұзымен танымал «Аралтұз» акционерлік қоғамының ресми өткізушісі, яғни дистрибьютері – «Сольтрест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ресей мемлекетінің ірі «Магнит» сауда жүйесімен келісім-шарт жасады.
Аталмыш серіктестік Ресей ритенлері бас кеңсесімен ресми келісімге келген алғашқы қазақстандық жеткізуші компания болып табылады. Өткен тамыз айында қол жеткен бұл уағдаластық бойынша олар енді 2018 жылға дейін 50 мың тонна йодталған ас тұзын көршілес елге жеткізіп отыратын болады.
Осынау жағымды жаңалыққа орай құрылымның Алматы қаласындағы бас кеңсесімен байланысқа шыққан болатынбыз.
– «Магнит» мемлекеттік мекеме саналады. Олармен келісім ұзақ жүрді. Алайда, оған әріптесіміз «Казnех Іnvest» компаниясымен бірлесіп қол жеткіздік. Негізінен біздің өніміміз бәсекелестікке төтеп бере алатындығын дәлелдеп шықты, – дейді компанияның коммерциялық директоры Қайрат Алдабергенов. – Алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктері, Жапон елдерінің нарығына шығу жоспарымызда бар. Сондықтан қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жасалуда.
Ресейлік «Магниттің» 4 мыңға жуық сауда нүктелері бар көрінеді.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<