«Аралтұздың» қомақты қолдауы

653

0

«Аралтұз» ақционерлік қоғамы қашанда қайырымдылық шараларынан қалыс қалған емес. Осы жолы да солай болды.

Арал ауданаралық ауру­ханасына «Арал­тұз» АҚ мен «Аралсода» ЖШС-ның де­меушілігімен алынған ме­дициналық құ­рал-жабдықтар табысталды. Мұндай игілікті қадам теңіз төскейіндегі қа­быр­ғалы қауымның көңілін серпілтіп, жомарт жүректі демеушілерге деген жұртшы­лықтың ризашылығын туын­датты.

Шара барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауру­ханаға қажетті заттарды алу­ға  қомақты  қаржы бө­ліп, де­меу­ші­лік жасағаны үшін «Аралтұз» АҚ пре­зи­­ден­ті Айдынбек Тауасаровқа ау­дан тұр­­ғын­дары  атынан ал­ғысын білдіріп, халықтың ден­­саулығын нығайту жо­лында қалтқысыз қызмет жа­сап жүрген медицина қыз­меткерлеріне табыс тіледі.

Осылайша «Аралтұз» АҚ мен «Арал­сода» ЖШС-ның 50 миллион теңге қара­жа­тына керекті медициналық құралдар мен материалдар алынды. Қайырым­дылық кө­мек аясында 23 оттегі кон­центраты, 200 медици­налық төсек пен 400 төсек-орын жабдығы, 200 медициналық қорғаныс құралы мен мас­ка жиынтықтары табыс етілді. Аталған қоғамның жо­март­тығы мұнымын шек­те­ліп қалмайды. Көмек көр­се­тудің келесі кезеңінде, яғни, қыркүйек айында 2 жедел жәрдем машинасы, 100-ден астам газ баллон, сәуле­лендіргіш, медициналық функ­­ционалды төсек аудан­ара­­лық ауруханаға берілетін болады.

Ауруханаға берілген тө­сек жабдық­тарының бар­ша­сы  «Арал қаласы бойын­ша мүмкіндігі шектеулі мүге­дектерді қолдау мен қорғау бірлестігінің» төрайы­мы Ин­­дира Жұмашеваның тігін ше­берхана­сында тігілгенін атап кету қажет.

Медициналық құралдарды табыстау сәтінде «Аралтұз» АҚ президенті Айдын­бек Та­уасаров «Қазақстан – бәрі­міз­дің ортақ Отанымыз. Бұл – біздің үйіміз. Осында менің жа­қындарым, балаларым өмір сүреді. Жұмыс жасап жа­тырмыз. Әлеуметтік жауапты компанияның басшысы ре­тінде мен де, ұжым да ортақ істен қалыс қала алмаймыз. Арал ауданында шұғыл ме­дициналық қажеттіліктердің барын түй­сіне отырып, ау­дандық аурухана үшін ме­дициналық жабдықтарды сатып алуға шешім қабыл­дадық» деді.

Арал ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<