Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады

145

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева брифинг берді.- Өткен жылы Қызылорда қаласында 13 539 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл көлемінде қалалық мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде 22 442 тұрғын жүгінген болса, оның ішінде 16 954 азамат уақытша жұмысқа жолдама алды, 5 478 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында қалада 5 820 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту бағытында 304 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 130 адам жұмыспен қамтылды, – деді Кенжегүл Құрақбайқызы. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 25 азамат жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты – «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыру» бойынша 461 азамат мемлекеттік грантқа ие болды. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары» бойынша қоғамдық жұмыстарға 3194 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам, жастар тәжірибесіне 1381 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 70 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 4 адам, «Күміс жас» жобасымен 798 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды.

Айта кету керек, 6 136 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 9 800 балаға қосымша төлем, 7 290 балаға жолда жүру ақысы аударылды. 1 061 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3375 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді. Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша 1 топ мүгедектеріне 1139 жеке көмекші, есту кемістігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманы, 13 инватакси қызмет көрсетті. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 536 балаға әлеуметтік төлем жүргізіліп, 6199 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдар мен техникалық-компенсаторлық құралдар сатып алынды. 1500 көпбалалы отбасыға «Мұз айдыны» және «Евразия» спорт кешеніне жолдамалар берілді. Демеушілер тарапынан 4227 отбасыға көмек көрсетілді.

Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығымен 143 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен 470 қызмет алушы ардагерге күнделікті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. «Отбасын қолдау» орталығы мамандарымен 1201 адамға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Дильназ Темірғали,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<