Атырауда жол апатынан әкесі, анасы және баласы қаза тапты

650

0

Фото: ҚР ІІМ

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 551-шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Салдарынан оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі және 1994, 2022 жылдары туған жолаушылары қаза тапты.

Сонымен қатар, УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<