Аудан әкімі журналистерге домбыра сыйлады

898

0

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аудандық орталық кітапханада мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға аудандағы журналистер қауымы мен сала ардагерлері, аймақтық «Тұран – Қазалы», аудандық «Қазалы» газеті редакциясының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел үстіндегі мерекелік кездесуді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, журналистер қауымының  қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, әрдайым жағымды жаңалықтармен қатар, елдің мұң-мұқтажын көтеріп жүрген журналистерге ризашылығын білдірді.

Мерекелік шарада ардагер журналист, ақын Алмагүл Қаржаубаева «Мұқағали Мақатаев» атындағы төсбелгімен марапатталды. Одан бөлек, бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің «Құттықтауы» мен «Алғыс хатына» ие болды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мерекелік лебізін білдірген соң журналистер қауымына қазақтың үкілі домбырасын сыйға тартты.

Басқосуға қатысқан ардагер журналистер Қасқырбек Мәмбетжан, Алмагүл Қаржаубаева, Раушанбек Сейтенов, Сахи Қапар, аймақтық «Тұран – Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш, аудандық «Тәуекел Туы» газетінің бас редакторы Марат Көптілеуов, аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев, журналист Әлімжан Қияс, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Аралбай Мәмбетжан, «Open Qazaly»түсірілім тобының журналисі Маржан Омар әріптестерін құттықтап, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<