Аудан жаңалықтары

328

0

Жеке мәселелерімен қабылдады

Қала әкімі Асылбек Шәменов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Шаһар басшысының жұмыс кестесіндегі қабыл­дауына 30-ға жуық тұрғын келді. Онда тұрғын үй кезегі, жер телімін заңдастыру, жұмысқа орналасу, меди­циналық көмек бойынша өтініштер қаралды.
Мәселелерге сала басшыларының талқы­лауымен заң аясында жауаптар берілді. Хаттамаға енгізілген сауалдардың бірқатары жедел шешімін тапса, кейбірі уақыт қажет етеді.

Бағдарлама жұмысын қорытындылады

«Бақытты отбасы» бағдарламасы былтыр атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Жыл көлемінде 103 отбасының әлеуметтік жағдайы зерделеніп, қиын жағдайға тап болған 15 отбасымен жан-жақты жұмыс жасалған, 70 отбасыға қаржылай және басқа да көмектер жасалды.
Сонымен қатар, құқықтық, жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау, балалардың әл-ауқатын бағалау бойынша көмек көрсетілді. Бағдарлама жұмысы алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Аудан тазалығы назарда

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев теміржолшылармен кездесіп, жол бойында орналасқан нысандардың санитарлық тазалық мәселесін талқылады.

Вокзал мен өткелдер, олардың аумақ­тарының таза­лығын, перрон мен сауда орындарының сыртқы келбет­терін ретке келтіруді тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы мен кент көшелерін аралады. Ауданда тас жол, темір жол бойы мен өткелдерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, қаржы ұйымдарының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы тобы барлық ауылдық округ тұрғын­дарымен кездесу өткізуде. Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун ауылдық округтеріне барып, кәсіп ашуға ниетті тұрғындарымен кездесті.
Кездесулер барысында белгіленген грант қара­жатына жүзеге асыруға болатын өндіріс және қызмет көрсету бағытындағы жобаларды таныс­тырып, ауыл тұрғындарын мемлекеттік бағдарла­маларға қатысуға шақырды.

Желілердің жай-күйімен танысты

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов тиісті сала мамандарымен бірге Жалағаш кентінде орналасқан трансформаторлардың, электр желілерінің жай-күйімен танысты.

Кенттегі қоршалуға тиісті трансформаторлардың барлы­ғына қоршау орнатылатынын айтты.
Сондай-ақ, электр желілері мен қосалқы стансаларын қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, шұғыл түрде тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.

Жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.

Тұрғындар аудан әкіміне ұсыныс-тiлектерiн жет­кізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Аудан басшысы келушілердің мәселелеріне жеке-дара тоқталып, заңдылығына қарай шешім қабыл­данатынын жеткізді.
Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша құ­зыр­лы мемлекеттік мекеме басшыларына және кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүк­телді.

Ардагерге құрмет

Телікөл ауылдық округінде журналист, заңгер, ауданның Құрметті азаматы Ақайдар Ысымұлының 70 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, аудан әкімі Нұржан Ахатов, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу «Арман» мәдениет үйіндегі салтанатты кешпен жалғасып, Нұрымбет Сақтағанов Ақайдар Ысымұлына облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен құттықтауын табыстады. Кеш барысында мерейтой иесіне «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» төсбелгісі табысталды.

Әдеби круиз өтті

Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың 85 жыл толуына орай аудандық балалар кітапханасында әдеби круиз өтті.

Іс-шараға «Қыран» мектебінің оқушылары мен жетекшісі Фарида Маханова қатысты.
Ермек Өтетілеуұлы республикалық «Балдырған» журналы, «Жазушы», «Жалын», «Балауса» баспаларында еңбек еткен. Баспагер жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар редакциялап, оқырман қауымға жеткізді. Іс-шара қатысушылары шығармашылығы бірыңғай балаларға арналған ақынның әдептілік, сыпайылық жайлы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<