Ауғанстанда ахуал күрделі

678

0

Осыдан біршама уақыт бұрын Ауғанстанды әлем жұртшылығының ұғымында террористер ұйымдарын басқаратын тәлібтердің басып алуы таңданыс туғызған болатын.

Америкалық әскердің елден шығарылуы мұң екен айналасы екі аптаның ішінде Ауғанстан үкіметі тәлібтер екпініне қарсылық көрсетпестен билікті тастап кетті.

Қазір билікті басып алған тәліб өкілдері бүкіл мемлекеттік органдар шенеуніктеріне кешірім жасады. Олар­ды қызметтеріне шақырып, қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге кепілдік берді. Осыған қарамастан елде алаң­даушылық басым.

Ауғанстаннан қоныс аударғысы келетіндердің легі күн санап өсе түсуде. Көптеген елдер өз елшіліктерін көшіруге асығуда.


Ауғанстанда болып жатқан соңғы оқиғалар әр түрлі пікірлердің өрбуіне ықпал етуде. Бірқатар мемлекет бас­шылары ендігі жерде Ауғанстанда Ресей мен Қытай ықпалының күшеюіне алаңдаушылық білдіруде.


Тәлібтер қозғалысының өкілдері Мұхаммед Омар, Якуб Мұхаммед Омар жергілікті телеарнаға сұхбат беріп, барлық мемлекеттік шенеуніктерді қызметтерін жалғастыруға шақырды. Олардың айтуынша, жаңа билік бұ­рынғы шенеуніктерге толық кешірім береді.

Әйелдерге қатысты шек­теулермен тыйым салынбайды. Бірақ жергілікті ауған өкілдері тәлібтердің сөзіне сенімсіздікпен қарайтынын мәлімдеді.


Өз кезегінде Қазақстан елшілігі қажет болған жағдайда Ауғанстандағы ел азаматтарын қайтару мүмкіндіктерін толық жасап жатқанын, олардың арасында бірнеше ондаған этникалық қазақ отбасыларының бар екенін атап көрсетті.

Қазір Ауғанстандағы жағдай күрделі. Оның қандай бағытқа қарай сипат алу мүмкін екенін ешкім болжай алмайды.


«СБ» саясат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<