Аумақтық инспекцияның ауқымды жұмысы

679

0

Ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, сонымен қатар жоғары сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру – аймақтың экономикалық жағдайын жақсартатын, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі агроөнеркәсіп кешенінің басым міндеттерінің бірі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты облыстық аумақтық инспекциясы «Өсімдіктер карантині туралы» заңы мен «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау» ережесіне сәйкес қызметтер көрсетеді.

Жалпы міндеттер ауқымына келетін болсақ, өсімдіктер карантині саласындағы заңның сақталуын, мемлекеттік бақылау және қадағалау, карантиндік объектілерді анықтау, оларды оқшаулау, жою және енуінің алдын алу, ел аумағына басқа мемлекеттерден карантинді объектілердің әкелінуінен және енуінен қорғау.

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ауылшаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себумен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiктектi кез келген басқа да өнiм жатады. Өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар – тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар, насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары да бар. Тұқымдардың гербарийлерi мен коллекциялары, карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауылшаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары кіреді. Ыдыстың барлық түрі, буып-түю материалдары, өсiмдiк  материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi, өсiмдiктектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін, зарарсыздандыратын және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары да назарға алынады. Ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер, ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері де бұл тізімде бар.

 Облыстық аумақтық инспекциясы тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда: карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру, карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру, ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу, қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу және өтінішті беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Аумақтық бөлімшенің кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді елден  тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға және республика аумағына әкетуге карантиндік сертификат алуға өтініш сағат 17:30-дан кейін түскен жағдайда, ол келесі жұмыс күні тіркеледі. Фитосанитариялық сертификат 3 жұмыс күн ішінде қағаз түрінде беріледі. Ал карантиндік сертификат беру 1 жұмыс күнінде электронды түрде ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу барысында кедергілер немесе қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 21-25-36, 21-25-65 нөмірлері  арқылы байланысуға болады.

Ә.ҚҰТТЫҚОЖАЕВА,

ҚР АШМ АӨК МИК

облыстық аумақтық инспекциясының жетекші маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<