Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді

922

0

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram арнасында 700-ден астам ауыл әкімі 25 шілдеде сайлауға түсуі мүмкін екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Президент бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлаланады деп күтілуде. Ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді», – деп жазды Ерлан Қарин.

Қарин алдағы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы – бұл саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға екенін айтты.

«Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы алғаш рет мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте өзінің Жолдауында айтқан болатын. Ал 2021 жылдың 24 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу туралы заңнамаға түзетулер енгізуді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұл бастама жүзеге асырылды», – дейді мемлекет басшысының көмекшісі.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың аясында бүгіннің өзінде 10 заң қабылданған. Жыл соңына дейін бұл бағытта тағы бірқатар заң қабылдау жоспарланып отыр.

Автор: Нұрила Ермекбай

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<