Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды

2193

0

Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Танымал қазақстандық ауыратлет Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, тізесіндегі мениск (тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек – еск.) жыртылып кеткен.

«Достар, тілектеріңізге көп рақмет! Сіздердің жылы сөздеріңіз қаншалық жағымды және керемет көмектеседі!Біз ертең үйге барамыз!» – деп жазды ол парақшасында. 

Еске салайық, Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленген еді. Оның қалыңдығы – астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<