Азық-түлік бағасын тұрақтандыру өзекті

1064

0

Бүгін Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов әлеуметтік маңызы бар азық – түліктер бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын нақтылау мақсатында аудан орталығындағы «Нұр» базарының жанында орналасқан «Заңғар», «Береке» сауда үйлерін аралап, кәсіпкерлермен пікір алмасты.

Аудан әкімі облыстық «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлер коорпарациясы акционерлік қоғамы арқылы берілетін қайтарымды пайызсыз қаржының тиімді пайдалану жолдарын кәсіпкерлерге ұсыныс ретінде айтып, жобаға қатысуға шақырды.

Жобаға қатысушы кәсіпкерлер өз дүкендерінде әлеуметтік сөрелерді кеңейтіп, әлеуметтік маңызы бар азық – түліктердің көлемін тұтынушылар сұранысына сай қауқарлығын арттыруы тиіс. Кәсіпкерлердің пікірінше, тұтынушылар неғұрлым сапаға қарай ұмтылып, сөредегі бағасы жоғары азық-түліктерді сатып алуға бейім келетіндігін жасырмады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<