Балағат сөздер үшін айыппұл       

509

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы жолаушылар пойызында келе жатып, бір азаматшамен ұялы телефон арқылы сойлескен кезде соңғыға қатысты балағат сөздер айтып, осылайша жақын маңдағы жолаушыларды елемей, айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Азаматша жалғастырылған ұрыстан кейін желілік полиция бөліміне хабарлаған. Құқық бұзушы мен жәбірленуші азаматшаның арасындағы телефон арқылы сөйлескендегі айтылған балағат сөздердің аудиожазбасы сот сараптамасының қорытындысымен расталған.

Құқық бұзушы кінәні толығымен мойындап, сотқа өкінетінін көрсетті. Сот қаулысымен құқық бұзушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды.

Байқоңыр қалалық соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<