Балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

364

0

Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті.

Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі.

Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді. Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<