Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

516

0

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар жарысының қола медалін болгариялық Георгий Вангеловпен сарапқа салды. Қазақстандық балуан 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін Нұрислам Санаев жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равиге есе жіберген. Ал ширек финалда жапон Юки Такахасиден басым түссе, 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<