Балық шаруашылығы – берекенің бастауы

348

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Балық шаруашылығы батыл қолдауды қажет етеді. Бүгінде өңірімізде балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал мен Сырдария өзенімен қатар 201 көл тізімге алынған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келген облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Марат Құрманбаев балық шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды мәлімдеді. Осы жылдың 10 айында облыс бойынша 4576,5 тонна балық ауланған.

Аймақта 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасаса, оның төртеуінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартын растайтын белгісі бар. Мұнда балықтың 14 түрі экспортталады.2023 жылдың 10 айында 2463,6 тонна балық өнімдері 13 шет елдеріне экспортталды. Жиында басқарма басшысы тауарлы балық өсіруді дамыту жұмыстарына да тоқталып өтті.

-Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес, 2022 жылға облыс бойынша 409 тонна балық өсіру көзделсе, тауарлы балық өсіру көлемі 526,4 тоннаға жетіп, 117,4 тонна балық өсіру көлемі артығымен орындалды. Сонымен бірге 1 сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы (УЗВ), 8 тоғанда балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 75-ке жетті, – деді Марат Ердәулетұлы.

Балықтың адам ағзасына пайдасы орасан. Өңірдің балық саласының әлеуеті жоғары. Арал мен Сырдария және басқа да су айдындары Сыр жұртшылығын ғана емес, өзге аймақтарды да балықпен қамтамасыз етіп отыр десек қателеспегеніміз.

Қызылорда облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<