Бақылау босаңсымайды

387

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Жаңақорған ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Оған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Қабылдау барысында Қожакент, Жаңарық ауылдық округінің тұрғындары жер мәселесі, ақылы жол, қараусыз жүрген үй жануарлары туралы өз мәселелерін көтерді. Облыс әкімінің орынбасары аудан тұрғындарының қоғамдық қабылдау кезінде көтерген мәселелерін жеке бақылауына алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заң талаптары бойынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Мұнан кейін Нұрымбет Сақтағанов еңбек ардагері Есалы Тұрсынбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Атап айтқанда, Жаңақорған кенті «Маи бекеті», «Ипподром», «Саяжай» шағын аудандарындағы балалардың спорт алаңының құрылысымен, әлеуметтік нысандардың, оның ішінде «Ақбота», «Алпамыс», «Болашақ» балабақшаларының алдағы жылу маусымына дайындығы, «Маи бекеті» шағын ауданындағы жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<