Батыр баланы марапаттады

370

0

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Қазалы ауданындағы «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет» атты бірлескен кеңес отырысына қатысып, кішкентай балаларды өрттен құтқарған оқушы Жансерік Әбілқасымұлын және оның ата-анасы мен сынып жетекшісiн Алғыс хатпен марапаттады.

Ведомство басшысы өскелең ұрпақ тәрбиесінің  маңызын атап өтіп, әртүрлі салада үздік нәтиже көрсеткен жастарға «Ел үміті» медалі табысталатынын жеткізді.

– Алдағы уақытта түрлі салада үздік нәтижеге қол жеткізіп, ел мақтанышына айналған жастарды «Ел үміті» медалімен марапаттаймыз. Оларды тәрбиелеген ата-анасы да «Мейірім» медалімен марапатталады, сынып жетекшілеріне де құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталмақ, – деді министр.

Еске салсақ, жуырда  Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Жансерік Әбілқасымұлы өртенген үйден бесіктегі сәби мен 2 баланы аман алып шыққан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<