«Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

703

0

Кеше облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай партиялық наградаларды салтанатты табыстау шарасы өтті.

Аймақ басшысы мерейтойлық құттықтауын жеткізіп, бірқатар азаматтарды марапаттады.

– Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Ел мен Елбасы – егіз ұғым десек, Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланып, шекарасы шегенделіп, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекет болуында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерекше.

Қазіргі таңда халқымыздың қолдауымен және «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары жиынтығында айтылғандай саясаттағы сабақтастығымыздың арқасында Елбасы салған сара жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастыруда.

Елбасы бастамасымен құрылған «Nur Otan» партиясының да 20 жылдан астам уақытта Тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өркендеуін қамтамасыз етудегі рөлі жоғары, – деді облыс әкімі.

Жиында партия бастамаларына қолдау білдіріп, белсенділік танытқан 15 партия мүшесі «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтқанда, жаңақорғандық партия ардагері Изадила Нарзилдаев, Байқоңыр қаласының тұрғыны, партия ардагері Райхан Байшораева, 4 дүркін әлем чемпионы, «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры Илья Ильин, ақын, 3 мәрте «Алтын домбыра» иегері, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Мұхтар Ниязов және тағы басқа белсенді азаматтар бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<