«Бестам-елі» шаруа қожалығының жұмысымен танысты

383

0

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов “Бестам-Елі” шаруа қожалығының төрағасымен және қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында шаруалар аудан басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, кездесуде егіс алқабына келетін жолға тас төсеу ұсынысы айтылды. Сондай-ақ, шаруа қожалық төрағасы алдағы жоба, жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында аудан әкімі шаруалардың атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, “Бестам-Елі” шаруа қожалығы биыл 230 гектар аумаққа күріш дақылын еккен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<