Біржан Далабаев бөлім басшысы болды

1181

3

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Далабаев Біржан Далабайұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Біржан Далабайұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ академиялық университетінің «Заңгер», 2011 жылы Болашақ университетінің «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысының монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастаған .

2006-2008 жж. Қызылорда облысы құрылыс басқармасының жетекші маманы, облыстық тарифтер басқармасының бас маманы, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы; 2008-2014 жж. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары; 2014-2018 жж. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары; 2018-2019 жж. Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары; 2019 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инпекциясы бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер:
  • Сізден Жанасов Тальжан Соғыс ардагері осы кісінің атында үй жок.Этаж үйлерден уй кезеңімен үй берулеріңізді сұраймын.Казір таңда квартирада турып жатр.

  • Саламатсыз ба?мен Соғыс ардагері Джанасов Тальжан атанын келінімін сізден сурайтынымыз атама үй немесе машина берулеріңізді сұраймын атамнын арманы немерелерине сый берсем деген арманы бар өтініш

  • Сәлеметсіз бе? Мен жалғыз басты анамын казирги. Таңда Қызылорда каласында тұрып жатырм квартирада үй очерттинен не үшін қабылдамай тұр. Соңы билсем кәзир таңда үйде жұмыссыз үйде отырмын. Өткени ұлым ай сайын болницага жатады. Менин сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын.

Пікір жазыңыз