Биыл Наурыз мерекесін қалай тойлаймыз?

297

0

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Наурызды отбасымен қарсы алуға кеңес береді. Мереке кезінде әлі де санитарлық ережелерді сақтау керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мереке кезінде маска киіп, арақашықтықты сақтап, адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек. Кафедра өкілдері жаңа жылдық демалыс күндерінен кейін аурудың күрт өскенін еске салды.

«Бүкіл әлемде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша, барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Наурызда қосымша шектеу шараларын енгізу аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Әр облыстың бас санитарлық дәрігері қаулы қабылдайды. Егер бәрі қалыпты болса, біз осы формада жұмыс жасай береміз. Бірақ бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Наурызды әркім өз отбасында тойлауы керек», – деп түсіндірді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз