Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады – Қазгидромет

199

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалынан еліміздің аумағында күн құбылмалы болады. Яғни елдің басым бөлігінде жауын жауып, солтүстікте, шығыста, орталықта қар, жаңбыр, шығыста нөсер жаңбыр, қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болып, оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<