Дәрігер қан қысымын дәрі-дәрмексіз түсірудің жолдарын айтты

655

0

SM-Clinic кардиологы Екатерина Савченко дәрі-дәрмектерге жүгінбей қан қысымын түсіру жолдарын айтты.

Дәрігердің айтуынша, егер қан қысымы сәл көтерілсе, қарапайым манипуляциялардың көмегімен денсаулықты оңтайлауға болады. Мысалы, терезені ашып, бөлмені желдету, денені қысып тұрған тар киімді босату, басты сәл көтеріп жату керек.

«Бұл әдістер ешбір жағдайда дәрілік терапияны немесе дәрігерге баруды алмастыра алмайды. Олар тек гипертония белгілерін жеңілдетуге көмектеседі», – деп ескертті маман.

Дәрігер дәрісіз қан қысымын төмендетудің негізгі әдістері  темекі шегуді тастау, тұзды тұтынуды азайту,  қалыпты дене белсенділігі,  арықтау дейді.

Оның айтуынша, дәрігерлер артериялық гипертензияның бірінші дәрежесі бар науқастарға дәрі-дәрмек терапиясын тағайындамауы мүмкін.

Екатерина Савченко науқастардың 5-10 пайызында ғана қан қысымы жоғарылауының нақты себебін анықтауға болатынын айтты. Оған эндокриндік патология, бүйрек ауруы мен бүйрек тамырларының патологиясы, орталық жүйке жүйесі, қолқаның коарктациясы себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін клиникалық зертханалық диагностика дәрігері Александр Карасев қызыл ет, ірімшік пен жұмыртқаны пайдалану 45 жастан асқан адамдарда инсульт пен тромбозға әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<