Дәрілік шөптер — дертке дауа

267

0

Дәрілік өсімдіктер — шипалы. Оны медицинада және ветеринария саласында емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданады. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті мол. Себебі құрамында олардың стероид, тритерпен, алкалоид, гликозид, витаминдер, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстар болады. Елімізде алты мыңнан астам дәрілік өсімдіктің түрлері өседі. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Атап айтсақ, арша, алтын тамыр, жолжелкен, жусан, итмұрын, т.б. шөптердің кез келген ауруды жазатын емдік қасиеті бар.Итмұрын жемісінің құрамында С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Мысалы итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Сондықтан дәрілік өсімдіктерді сырын білетін білікті мамандар ғана бұл іспен айналысады.

Бота КЕНЖЕБАЕВА, №285 мамандандырылған мектеп-лицей интернатының биология пәнінің мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<