«Дала тынысында» дара туындылар

940

0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қолөнер шебері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Жәнібек Маханбетов пен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шәкірбек Сәменовтің «Дала тынысы» атты шығармашылық көрмесі ашылды.

Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов және ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов ашып, шынайылық пен әсемдік үйлесім тапқан өнер туындыларының мәдениет пен руханият үшін құндылығы жоғары екенін айтты. Сондай-ақ, өнердің сабақтастығын үзбей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына осындай шаралардың ықпалын  атап өтті.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін шетелдерге насихаттап жүрген танымал өнер иелерінің шығармашылығын дәріптеу.

Көрмеге талантты суретшілердің 100-ге жуық туындылары қойылды. Сыр мәдениеті мен өнерін айғақтайтын  Олардың кәсіби мәнері, шеберлігі келушілерді тәнті етті. Айта кетейік, өнер иелері республикалық, бүкілодақтық көрмелерге қатысып, жүлделі орындар алған.

Шараға мәдениет саласының қызметкерлері, өнер иелері, ЖОО студенттері қатысты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<