Данияр Қайсанов Олимпиаданың қола медалі үшін белдеседі

408

0

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті.

Кездесу ресейлік балуан үшін айтарлықтай қиын болған жоқ. Ол 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті. Енді Данияр Қайсанов өз салмағындағы қола жүлдеге таласады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<