«Дарындылар пулына» өткен азаматтарға сертификат табыс етілді

1120

0

2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылды.

 Құрылған сәтінен бастап Мемлекеттік корпорацияда еліміздің азаматтарын бір терезе қағидатымен сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру аясында кешенді жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес болу мақсатында және орын алып жатқан өзгерістерге уақытылы ден қою үшін бізге үнемі адам капиталының деңгейін жетілдіріп отыру қажет. Мемлекеттік корпорацияны одан әрі дамыту, оның «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға қатысуының тиімділігін арттыру және Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жаңа адами ресурстарды реттеу талап етіледі. Табыстың негізгі факторларының бірі адам капиталы болып табылатындықтан бұл біздің стратегиямызда, корпоративтік мәдениетте, сапа менеджменті жүйесінде бекітілген талантты қызметкерлерді мемлекеттік корпорацияның Дарындылар пулына (кадр резервіне) іріктеу бағдарламасын іске қосу туралы шешім қабылданған болатын.

Жобаны әзірлеу кезінде Президенттік Жастар кадрлық резерві, Елбасы академиясының «Салалық менеджерлері» (ҚР Үкіметі үшін), «ЖасӨркен» («Самұрық-Қазына»«АҚ үшін) ұқсас жобалардың тәжірибесі зерделенді. «Дарындылар пулы» жобасының мақсаты-болашағы зор қызметкерлер мен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтау, оларды одан әрі басшылық және жоғары лауазымдарға жылжыту, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін кәсібибіліктілігін дамыту және ынталандыру болып табылады.

Осыған орай, бүгін «Дарындылар пулына» Қызылорда облысы бойынша өткен азаматтарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал директоры А. Тобаева қабылдап, жаңа мүшелерге сәттілік тілеп, арнайы сертификаттар табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<