Дауылкөлдегі дәрігерлік амбулатория

708

0

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Дауылкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Еркін форматта өткен жүздесуде аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобаларға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ, Дауылкөл ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталатын айтып, жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталған кейін тұрғындар орталыққа бармай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Дауылкөл ауылдық округіндегі спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргілетінін және одан бөлек ауылдағы 4 көшеге орташа жөндеу, 3 көшені жарықтандыру, денешынықтыру кешенінің құрылысы объектісінің жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге, сараптамадан өткізуге тиісті қаржысы қаралып отырғандын айтты.

Одан соң аудан әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, олардың ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Аудан әкімі халықпен кездесуден кейін «Жастар бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында іске асырылған «Домбыра» үйірмесінің жұмысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<