Дауыс беруде өңір екінші орында

560

0

Қызылорда облысы жалпыхалықтық референдумның қорытындысымен дауыс беру көрсеткіші бойынша екінші орынға тұрақтады. Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр елі тұрғындарының референдумға ерекше ықылас білдіріп, өзгерістер жолына қадам жасауда белсенділік танытқанын атап өтті.

– Наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оң өзгерістер жасауға 10 бағыт айқындап берген болатын. Сыр жұртшылығы бұл өзгерістерді әділдіктің нышаны ретінде қабылдап, бірауыздан қолдады. Нәтижесінде біздің аймақ екінші орынға тұрақтап, үздік өңірлер қатарынан көрінді. Мұның бәрі мызғымас бірлігіміздің, тату-тәтті тірлігіміздің, қазақы болмысымыз бен жарқын болашаққа деген халықтың зор сенімінің арқасы деп білемін. Бұл ретте дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырған мемлекеттік орган, сайлау комиссиясы, қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдеріне, құқық қорғау органдарына, сондай-ақ, алдын ала түсіндірме жұмыстарына белсенді атсалысқан тұлғалар мен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен БАҚ өкілдеріне ризашылығымды білдіремін, – деді облыс әкімі.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев әріптестеріне референдумға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<