Депутаттар білім беру нысанының құрылысына маниторинг жасады

406

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ғалым Әмреев пен Бақытбек Смағұл Сыр өңіріндегі сапары барысында Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасында қамтылып,  «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №118 орта мектеп ғимаратының құрылысына мониторинг жасады.


Ауылдағы білім ордасының іргетасы  1982 жылы қаланған. Сонан бергі  40 жылға жуық уақытта меткеп ішінде кішігірім жөндеу жүргізілгенімен, дәл осындай күрделі жұмыстың жасалып отырғаны алғаш. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 279 млн теңге қаржы бөлінген. Мердігер мекеме де ашық конкурс арқылы анықталған.


Жұмысты мамыр айында бастадық. Қазіргі уақытта  монтаждау  жұмыстарының 60 пайзы аяқталды. Терезе орнатылды, ішкі сылақ жұмыстары жасалып, мектептің сыртқы беті металл сайденигпен қапталуда. Нысанды 1 қыркүйек оқу жылына дейін тапсырамыз деп отырмыз.  Барлығы жоспар бойынша жүзеге асу да дейді, – мердігер мекеме өкілі Еркебұлан Сыздықбаев.


Жалпы өңірде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 12 жаңа мектеп салынып, 54 білім беру объектілеріне кезең-кезеңімен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастылыған. Жетекші партия ауылдағы білім ошақтарын да назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Шалғайдағы ауыл мектебіне жасалып жатқан бұл жұмыстар соның көрінісі екенін айтқан фракция мүшесі Ғалым Әмреев ендігі жерде осы бөлінген қаражаттың бір тиынына дейін тиімді жұмсалуы керек.  Құрылыс сапасына келер болсақ, әрине жаман емес. Тек бір мәселе ол мектеп айналысының қоршауы. Бұл жұмыстарға енгізілмегендіктен біз жергілікті әкімдік арқылы алдағы уақытта шешу жолдарын қарастыруды ұсындық дейді.


Ал, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл сайлауалды бағдарлама  2025 жылға дейін облыстың барлық мектептерін химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру сонымен қатар, ҰБТ-да 100 және одан да көп балл жинайтын мектеп түлектерінің үлесі 23%-ға дейін арттыру көзделгендігін тілге тиек етіп, мектептегі жөндеу жұмыстары балалардың білім алуына да өзіндік септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.


Жалпы халық қалаулылары аудандағы сапары барысында партия бағдараламасы аясында жеке кәсіпкердің қолдауымен пайдалануға берілген жабық бассейн және  медициналық клиника жұмысын көріп, аудан тұрғындарымен кездесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<