Түркістан облысындағы тас жолда түнде екі көлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты. Полиция тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді тас жолында болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде тас жолда Toyota Camry мен Volkswagen Passat соқтығысқан», – деп хабарлады полиция.
Апат салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты.
Департамент қазір барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын қосты. Тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданады.






