Димаш концерт берді

2228

0

16 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің DIMASH DIGITAL SHOW атты көптен күткен алғашқы онлайн концерті өтті.

Концерттің онлайн-чаты бір секундқа да тынышталмады, барлық жанкүйер сүйікті әншісінің өнерін қайта тамашалағанына қуанды. Шоу барысында әнші 6 тілде (қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде) ән шырқады. Онлайн формат әлемнің түпкір-түпкіріндегі көрерменге концертті үйде тамашалауға мүмкіндік берді.

Tixr америкалық стримингтік платформасы өкілдерінің айтуынша, концерт билеттері тез сатылған.

Әнші жаңа форматқа қарамастан,  алғашқы онлайн концертін жанкүйерлері қолдағаны үшін қатты қуанды, – деп жазады dimashnews.com. Концертті Димаштың әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермені тамашалады.

«Менің алғашқы онлайн концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рақмет! Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесем де, менің жаным сіздердің барлық қолдауларыңыз бен күш-жігерлеріңізді сезінді, сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіздер! Шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен өте жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!», – деді дара дауысты әнші.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<