Екі ауданда әкім сайланады

279

0

Ертең, яғни 5 қараша күні Сырдария және Шиелі аудандарының әкімін сайлау өтеді. Пилоттық негіздегі сайлауға 2 ауданнан кандидат ретінде 6 азамат тіркеліп отыр. Олардың 2-і саяси партия атынан, 4-і өзін-өзі ұсынған.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, 2 ауданда 70 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге қатысады. Оның 22101-і Сырдария, 50402-сі Шиелі ауданында тіркелген.

Сайлау күні Сырдарияда 18, Шиеліде 40 учаске, барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Барлық дауыс беру учаскелеріндегі кабиналар талапқа сай жабдықталған.

Мүгедектігі бар азаматтар үшін трафареттер және аудио нұсқадағы бюллетень толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар таратылды.

Барлық сайлаушылар үшін қағаз түріндегі шақыру қағаздары және байланыс операторларымен жүргізілген келісім-шартқа сәйкес арнайы смс хабарлама жөнелтілуде. 

Дауыс беру күні 2 аудандағы 16 учаскеде онлайн сервис қолжетімді болады.

Сайлау күні заң бұзушылықтарды болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құқық қорғау органдары өкілдерінен арнайы кезекшілер бекітіліп отыр. Сондай-ақ аккредиттелген республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестік өкілдері, кандидаттардың сенім білдірген азаматтары сайлау процесін бақылай алады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<