Екібастұзда өрттен 20 адамды құтқарды

372

0

Фото: ашық дереккөз

Екібастұздағы өрт кезінде 20 адамды, оның ішінде 4 баланы өртсөндірушілер құтқарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт екінші қабатта орналасқан бұрынғы бес қабатты жатақхана пәтерлерінің бірін шарпыған.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабарлама 19 ақпанда сағат 09.59-да түскен.

– Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында «Respihood» құтқару қалпақшасы және баспалдақ маршы көмегімен 20 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала бар, – деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Дәліз түріндегі бұрынғы жатақханада жоғарғы қабаттарды түтін шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт 10.21-де оқшауланып, 13 минуттан кейін толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<