Вакцина алғандар жеңілдікке ие болмақ

1039

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 2021-2022 оқу жылында оқытудың дәстүрлі форматына көшуді жоспарлап отыр. Сол себепті ұжымдық иммунитет қалыптастыру өте маңызды.

Университет вакцина салдыру процесін жылдамдату мақсатында әр түрлі ынталандыру іс-шараларын өткізетіндігін хабарлайды.

Вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылады және төмендегідей жеңілдіктер ұсынылады:

–    ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласына 30 студентке жолдама.

–  қызметкерлер мен студенттер үшін «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің бассейніне 30 тегін абонемент.

–   студенттер үшін жазғы тынығу лагеріне 30 жолдама.

–   қызметкерлер мен студенттерүшінфитнес залға 30 тегін абонемент.

– 30 студентке бір оқу жылына жатақханаға тұруға 50% жеңілдік.

Ұтысқа қатысу үшін не істеу керек?

–  2021 жылдың 15 шілдесіне дейін екпе салдыру;

–  ұтысқақатысушылар аты-жөні, ЖСН және екпенің бірінші кезеңіналукүні көрсетілген өтініштіksu@korkyt.kz электронды мекен-жайға 2021 жылдың 23 шілдесіне дейін жолдау керек.

Конкурс 30 шілде күні сағат 15.00-де университеттің ресмиqorqytata_university инстаграм парақшасындатікелей эфирде өткізіледі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<