Ерасыл ерлеп тұр

862

0

Албанияда өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 73 келі салмақта жерлесіміз Ерасыл Сәулебеков жеңіс тұғырына көтерілді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік желіде екі дүркін әлем чемпионы атанған Сыр ұланын құттықтады.

Қызылордалық спортшы жұлқа көтеруде 137 келіні, серпе көтеруде 168 келіні бағындырды. Осылайша қоссайыстың қорытындысымен 305 келіні еншілеген ол алтын медальға ие болды. 

Ерасыл Сәулебеков 2006 жылы дүниеге келген. Қармақшы ауданындағы №15 балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер мектебінде тәлім алады.

Айта кетсек, ауыр атлет екі жыл қатарынан Әлем чемпионатында топ жарып отыр. Былтыр Мексикада өткен чемпионатта ешкімге дес берген жоқ.

– Шәкіртім жарыс барысында өзін жақсы қырынан көрсетті. Серпе көтерудің екінші әрекетінде 168 келіні еншісіне бағындырды. Үшіншісінде 174 келі зілтемірді көтеруге ниет жасады. Бұл салмақты өз ыңғайына бағындыра алған жағдайда ол әлемдік рекордқа түзету енгізетін еді. Ерасыл алдағы уақытта бұдан да жоғары табыстарға қол жеткізеді деген сенімдемін, – дейді жеке бапкері Айдар Ералиев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<