Ерекше жандарға арналған оқыту курсы

339

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

Ерекше қажеттіліктегі адамдарға қамқорлық көрсету- қоғамның алдындағы парыз. Қоғамның толыққанды мүшелеріне олардың кез-келген салада өз белсенділігін танытып, көпшілікпен жұмыс жасауына жағдайлар жасалады.

Бұл ретте, «Компьютерлік бағдарлама дағдыларын меңгеру» оқыту курсын бастадық.

«Ерекше сынып» оқыту сабағы «Grand master» бағдарлау мектебінің білікті мамандарымен жүргізіліп, 180 қатысушы білімін жетілдіреді.

Компьютерлік сауаттылықты дамыту, компьютер құрылымын ашып, қайта жинау, бағдарламалар орнату, WEB дизайн жасау , сайт ашу негізінде 3 айлық курсын аяқтаған ерекше жандар СЕРТИФИКАТҚА ие болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<