Ержанның ерлігі елге үлгі

419

0

Бүгін Жалағаш кентінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан “Северный” каналына аяғы тайып суға түсіп кеткен Бекбай Данияр Рахымбекұлын құтқарып, алғашқы көмекті дер кезінде көрсеткен Ержан Абдрамановтың епті ісі елді елең еткізді.

Оқиға орын алған сәтте автожол бойымен қызметтік міндетін атқарып жүрген Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ержан Абдраманов оқиғаны көріп, азаматты судан шығарған.

Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, азаматтың өмірін құтқарған. Қазіргі таңда Бекбай Данияр Рахымбекұлы аудандық ауруханада тексерілуден өтіп жатыр. Жағдайы бір қалыпты.

Өз қызметіне адал, жұмысына тиянақты жерлесіміздің бүгінгі ісі нағыз ерлік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<