«FEEDBACK» – жаңа бастамалар алаңы

394

0

12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде жастармен өзара ашық әңгіме өрбіту, сұхбаттасу, олардың мәселелерін тыңдау және шешу мақсатында «FEEDBACK» алаңы ашылды. Білім алушылар университет ректоры Б.Кәрімовамен ай сайын «кері байланыс» алаңында кездесіп, өздерін толғандырған түрлі мәселелерді ортаға салмақ.

Олар ғылыми, мәдени, интеллектуалды, қоғамдық бағыттағы мәселелер бойынша университет басшысына тікелей сауалдарын жолдай алады. Алғашқы кездесуге университеттің жас ғалымдары, бастамашыл жастар, белсенді студенттер, кітап клубының мүшелері қатысты.

Б.С.Кәрімова, университет ректоры:

«Жастар мәселесі әрдайым менің басты назарымда. Бүгін құрылған ашық алаңда көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешіп, нақты нәтижеге жұмыс жасайтын боламыз. Оқу орнымызда қазіргі таңда35 жасқа дейінгі жас ғалымдар арасынан философия докторы дәрежесінде  – 12, магистр дәрежесінде 92 оқытушы мен қызметкер жұмыс атқарады. Сонымен қатар, 29 кафедра жанында білім алушыларды өз мамандығына баулитын, ғылыми ізденіске тәрбиелейтін арнайы 34 үйірме жұмыс жасайды. Білім алушылардың бойында отансүйгіштік, көшбасшылық және бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін дамыту мақсатында, білім мен ғылымға баулу, өнер және спортпен белсенді айналысуға бағыттайтын 21 жастар ұйымдары еріктілер ретінде жұмыс жасайды.Университетте 11 спорт түрі бойынша 21 спорт секциясы білім алушылар үшін тегін жұмыс атқарып келеді.2021 жылдың сәуір айында тұңғыш рет университет ғылыми гранты аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің конкурсы өткізілді. Жеңімпаздарға жаңа оқу жылында 10 млн теңге қаражат бөлінбек. Гранттың басты мақсаты – жастардың өңір экономикасының өзекті проблемаларына арналған зерттеулеріне қолдау көрсету, оларды жаңа ізденістерге жігерлендіру»,-деді.

«FEEDBACK» – енді ай сайын бас қосатын алаңға айналмақ. Кездесуге келген жастар университеттің әр корпусында кітап алмасу бұрышын ашу, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған студенттердің жобаларына грант бөлу және студенттер арасында білім деңгейін анықтайтын интеллектуалдық олимпиадалар ұйымдастыру сынды ұсыныстарын айтты.   Әр жиында қатысушы жастар құрамы мен талқыланатын мәселелер алмасып отырады. Сондай-ақ, студенттер тарапынан ректор блогына жолданған сауалдар да осы алаңда талқыланбақ. Кездесу соңында құрылым басшыларына нақты тапсырмалар беріп, шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз