Филологиялық білімді модернизациялау: ЖББ аясында

420

0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығықарсаңында«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалында 15 қараша күні ұлағаттыұстаз,«Сыр қойнауы» бағдарламасының авторы, білікті тренер, аға оқытушы Мария Айтбайқызы Орманованың 60 жылдық мерейтойына арналған«Филологиялық білімді модернизациялау: жаңартылған білім беру мазмұны аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты:ұлағатты ұстаз, білікті тренер, шығармашылтұлға Мария Айтбайқызы Орманованыңөнегелі өмір жолы мен білім беру саласында атқарған тәлімді іс-тәжірибесін таныту және кеңінен насихаттау.

Конференцияжұмысының негізгі бағыттары:

  1. «Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлау»:мұғалімдер тәжірибесінде;
  2. Оқушыларға елжандылық тәрбие беруде өлкетану деректерін пән мазмұнына кіріктіру жолдары;
  3. Жаңартылған білім беру жағдайындағы ізденістер мен нәтижелер;
  4. «Мәңгілік Ел» идеяларын жүзеге асырудағы заманауи сынып жетекшісінің рөлі.

Конференция жұмысына Грузияның Тбилиси қаласындағы«Мектеп –Отбасы – Қоғам» Ассоциациясының атқарушы директоры, «Сын тұрғысынан ойлауға арналған оқу мен жазу» бағдарламасының тренері,сертификатор, п.ғ.д.Ирина Киквадзе;«Адамның үйлесімді дамуы» ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессор Аршагүл Рысбаева; Қазақстан Оқу Ассоциациясының президенті,«Оқужәнежазуарқылысынтұрғысынанойлаутехнологиясы»бағдарламасының халықаралықтренері, п.ғ.к. Зейнегүл Көпбаева; Қорқыт Ата атындағы ҚУ доценті, ф.ғ.к. Күлшат Қамзаева;Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімі, тренер Алтын Момынқұлова; «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Сәкен Серікбаев; Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университеті әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасыныңаға оқытушысыНұржан Құлымжанов; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰПедагогикалық шеберлік орталығы Таразқалалық филиалыныңтренері Шәкизат Әлтаева; «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, тренер Жаңагүл Қожымова;Нұр-Сұлтан қаласындағы «Келешек» мектеп-лицейінің директоры, г.ғ.м. Назым Төкебаева, Қазалы ауданындағы №17 орта мектеп директорыЭльмира Сматуллаева; п.ғ.м., қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, тренерМайраш Мұхамедияровалар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Баяндамашылар егемен еліміздің ертеңі – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі педагог қызметкерлердің қоғамдағы орны мен мәртебесін ұлықтау; заманауибілім беру мәнмәтініндегі инновациялық идеялар және озат тәжірибелермен бөлісу; жаңартылған білім беру мазмұны аясында қол жеткізген шығармашылық ізденістер мен нәтижелерді таратумәселелеріне қатысты келелі ойларымен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<